«Квазимемлекеттік сектор субьектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі»
Аттестация
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Тәрбие жұмыс жоспары 2020-2021 оқу жылы | |
2 | Тәрбие жұмыс жоспары 2022-2023 оқу жылы | |
3 | Тәрбие жұмыс жоспары 2021-2022 оқу жылы | |
4 | 2021-2022 әдіст жұмыс жоспары | |
5 | 2021-2022 әдіст кеңес | |
6 | Сабақ кестесі 2021 | |
7 | Сабақ кестесі 2022 | |
8 | Әдіст жұм жоспары | |
9 | Әдіст кеңес хаттама | |
10 | Әдіст кеңес | |
11 | 2018 |
Емтихан хаттамалары
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | хаттама 2 | ![]() ![]() |
2 | хаттама | ![]() |
Оқу үдерісі
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Кесте | ![]() ![]() |
Психология
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | 2022-23 жылыдық жұмыс жоспары | ![]() ![]() |
Оқуға қабылдау
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Оқуға қабылдау | ![]() ![]() |
Еріктілер
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | 2022-23 жылғы іс шара2022-23 жылдық жұмыс жоспары | ![]() ![]() |
Кітапхана
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | 2022-23 жылдық жұмыс жоспары | ![]() ![]() |
2 | 2022-23 жылдық жұмыс жоспары 2 | ![]() |
Нормативтик құжат бұйрығы
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Нормативтик құжат бұйрығы | ![]() ![]() |
Пед совет
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | 2021ж Хаттама | ![]() ![]() |
2 | Пед совет жылдық жоспар 2022-2023 | ![]() |
3 | Хаттама | ![]() |
4 | Хатттама жалғасы | ![]() |
Tест қорытындысы
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Арнайы тігінші | ![]() |
2 | АШМ | ![]() |
3 | ДӘНЕКЕРЛЕУШІ | ![]() |
4 | ДӘНЕКЕРЛЕУШІ0001 | ![]() |
5 | МГО | ![]() |
6 | Токарь | ![]() |
7 | ХТЗ | ![]() |
8 | Электромантер | ![]() |
Жарғыны бекіту туралы ҚАУЛЫ №3. 05.01.2022 ж
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | ЖАРҒЫ-УСТАВ (жаңа-новый) | ![]() |
2 | ҚАУЛЫ 2022 жылғы 5 қаңтар №3 | ![]() |
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Аттестатция-2022ж ноябрь | ![]() |
2 | Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы АНЫҚТАМА | ![]() |
3 | Комиссия қолы | ![]() |
4 | Қорытынды скан 2 | ![]() |
5 | Қорытынды скан | ![]() |
6 | лицензия каз | ![]() |
7 | Меншік иесі | ![]() |
Дуалды оқыту
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ мамандары, «№1 колледж» МКҚК-дағы «Дуалдық оқыту» бағдарламасы бойынша оқып жатқан бітіруші курс студенттерінің өндірістік іс-тәжірибелері барысын кәсіпорындар базаларында аралап көрді.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId8cfc43b897
Тәрбие бөлімі
Жаратылыстану ПЦК мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 05.12-09.12. аралығында «Әлемді бағындырған нақты ғылымдар» атты апталықтың ашылу салтанаты «Білім» жәрмеңкесімен басталды. Апталықтың мақсаты: Оқушылардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын, оқып үйренудегі белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту, отан сүйгіштікке, әсемдікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId288b4f4019
06 желтоқсан күні «Әлемді бағындырған нақты ғылымдар» атты апталығымыздың екінші күні математика пәнінің оқытушысы Нурмаханова Нағима «Математика-физика әлеміне саяхат» тақырыбында І және ІІ курс студенттер арасында математика-физикалық танымдық сайыс-ойын кешін өткізді. Білім алушылардың физика, математика пәндеріне қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету мақсатында өткен сайыс 7 кезеңнен тұрды. Іс-шараға студенттер белсене қатысып, «Физика» тобы жеңімпаз атанды.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeIdd366194088
«Бекітемін»
«№1 колледж» МКҚК директоры:
----------------------------------------------- Б.Қордашбеков
«№1 колледж» МКҚК-нда 2022 жыл 15 қараша күні әлеуметтік әріптестермен өткізілетін «Жұмыс беруші күні» іс-шарасының бағдарламасы.
Р/с. |
Мазмұны |
Уақыты |
Жауаптылар
|
1 |
Шақырылған қонақтарды тіркеу |
1400-1430 |
Кадр жөніндегі инспектор |
2 |
Колледждің МТБ және шеберханалар мен зерханаларды аралау |
1430-1500 |
Директор |
3 |
Колледждің қолдан жасалған шығармашылық жұмыстарының көрмесімен таныстыру |
1500-1530 |
Директордың оқу-өндірістік жұмыстар жөніндегі орынбасары |
4 |
Алғы сөз |
1530-1535 |
Директор |
5 |
Баяндама (ДОӨЖЖ орынбасары А.Сағындыков) |
1535-1600 |
ДОӨЖЖО |
6 |
Колледжде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы слайдтартар көрсету |
1535-1600 |
ДОӨЖЖО |
7 |
Ән |
1600-1605 |
ДТТЖ орынбасары |
8 |
ҚР ҰКП «Созақ» аудандық филиалының төрағасының (Анарбайұлы Арман Қаламбайұлы) сөзі |
1605-1610 |
|
9 |
Созақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының (Дәуленбаев Елдос Орынбасарұлы) сөзі |
1610-1615 |
|
10 |
Әлеуметтік әріптес «UKO-S STAR» ЖШС атқарушы директорының (Акенов Нұрбол) сөзі |
1615-1620 |
|
11 |
Дуальды оқыту кәсіпорыны Созақ аудандық «Демеу» мүгедектер қоғамының башысының (Смахова Бақыткүл) сөзі |
1620-1625 |
|
12 |
Ән |
1625-1630 |
ДТТЖ орынбасары |
13 |
«Волков-геология ГРЭ-5» АҚ филиалы директорының (Бекишов Құрманғали Әбиұлы) сөзі |
1630-1635 |
|
14 |
Қамқоршылық кеңес төрағасының (Сейтмаханов Бахытбек) сөзі |
1635-1640 |
|
15 |
Жеке кәсіпкер «Қожамқулов М» басшысының (Қожамқулов Мақсат Қаржаубайұлы) сөзі |
1640-1645 |
|
16 |
Колледждің бітіруші курс студентінің сөзі |
1645-1650 |
ДОӨЖЖО |
17 |
Мемарандумдар мен келісім шарттарға қол қою |
1650-1710 |
Директор және әлеуметтік әріптестер |
18 |
Марапаттаулар |
1710-1720 |
Директор |
19 |
Ән |
1720-1725 |
ДТТЖ орынбасары |
20 |
Қорытынды сөз |
1725-1730 |
Директор |
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId5865777f5c
Директордың оқу-өндірістік
жұмыстар жөніндегі орынбасары: А.Сағындыков
Колледжіме шәкірттер ағылады. Сана, білім сусаған табылады. Гүл шоқтарын қолына көтеріп кеп, Ұстазына бергенше асығады. «№1 колледж» МКҚК сында 2022.01.09 «Білім күні» мерекесіне орай колледж ауласында «Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және патриотизм» тақырыбында салтанатты жиын болып өтті. Жиынды колледж директоры Б. Қордашбеков ашып беріп, студенттермен колледж ұжымына жаңа оқу жылына табыс тіледі және 1-курс студенттерін студен статусын иеленулерімен құттықтап, таңдаған мамандықтарының мықты иелері болуларын тіледі. Салтанатты жиынға келген ата-аналармен Созақ ауыл акімінің орынбасары Ж. Байкобеков студенттер мен колледж ұжымына сәттілік тіледі. Колледждің көркемөнерпаздар үйірмесінің мүшелері концерт барысынба келген қонақтармен студенттерге және колледж ұжымына әсем әндерін арнап, мың бұралған бишілеріміз өз өнерлерін көрсетті.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId99be9750ef
5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдер күні және А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «№1 колледж» МКҚК-нда Гуманитарлық пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының ұйымдастыруымен апталық ұйымдастырылуда. Жоспар бойынша апталықтың бірінші күні «Тілім менің тірегім» тақырыбында тіл мерекесіне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId8bcad2b80d
5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдер күні және А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «№1 колледж» МКҚК-нда Гуманитарлық пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының ұйымдастыруымен апталық ұйымдастырылуда. Жоспар бойынша апталықтың екінші күні кітапханашы Т.Айтмырзақызының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі-менің ана тілім» тақырыбында кітапханаға саяхат ұйымдастырылды.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId4e8cdedaa4
5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдер күні және А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «№1 колледж» МКҚК-нда Гуманитарлық пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының ұйымдастыруымен апталық ұйымдастырылуда. Жоспар бойынша апталықтың үшінші күні «Тіл тағдыры ел тағдыры» тақырыбында дөңгелек стол ұйымдастырылды.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId68aa4707e7
5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдер күні және А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «№1 колледж» МКҚК-нда Гуманитарлық пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының ұйымдастыруымен апталық ұйымдастырылуда. Жоспар бойынша апталықтың төртінші күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушыс М.Әлібекованың ұйымластыруымен «Өлең сөздің патшасы» тақырыбында тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу болып өтті.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeIdc20e78d146
16.02.2022 Созақ ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының рәміздерінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Алтын сақа-2022» байқауына «№1 колледж»МКҚК нан тігінші тобының өндірістік оқыту шебері Уали Ақбота қатысып Созақ ауылдық әкімшілігі Алғыс хатымен марапатталды
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId41e99eabaa
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «№1 колледж» МКҚК-сында Парасаттылық мектебінің жылдық жоспарына сәйкес студенттермен «Парасаттылық сағаты» өткізілді.Негізгі мақсаты, жалпы адамгершілікке және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбилеу.1-курсқа қабылданған студент жастарымызды «Ұшқыр ой» дебат клубымен таныстырып, дебат клубымызга жаңадан студенттерді қабылдадық.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeIdd55c12e520
1.09.2022 жылы Созақ ауданы Созақ ауылындағы «№1 колледж» МКҚК-сында «Сенімен болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысындағы филиалының басшысы Бекнұр Изенбаевпен филиал бас маманы Гүлшаш Құрманалиқызы болып колледж ұжымы және ата-аналармен кездесіп, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рольі жөнінде әңгіме өрбітті. Ата-аналар өз-ойларын бөлісіп, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алып қайтты.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId7a8f886afc
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту орталығына қарасты «№1колледж» МКҚК-сында М. Әуезовтың 125 жылдығына орай жастар ұйымы және өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Мақал - сөздің мәйегі» атты топаралық сайыс болып өтті.Білім алушылар сайысқа белсене қатысып, жүлделі орын алған студенттер оқу ордамыздың басшысының мадақтама қағаздарымен марапатталды.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeIda9cc1ac2cf
22.09.2022 Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «№1 колледж» МКҚК-ның директордың тәрбие ісі жөніндегі орнынбасары Р. Атажиевтің жылдық жоспары бойынша ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа I-III курс студенттердің ата-аналары қатыстырылды. Созақ ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімінің жергілікті полиция қызмет бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Ж.Ордабек келіп қатысты. Жиынның соңында колледждің педагог-психологы Ш. Жақсыбаева ата-аналармен «Жүрек жылуы» атты тренинг өткізіп ата-аналарға жоғары көңіл-күймен мотивация берді. Өз кезеңінде ата-аналар да жарыс сөзге шығып колледж ұстаздарына өз ризашылықтарын білдірді
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId0250f0f912
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!—деп Мағжан Жұмабаев атамыз жырлағандай, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «№1 колледж» МКҚК-сында «Өзін-өзі басқару» ұйымының студенттік президент сайлауы болып өтті. Сайлауға «Фермер шаруашылығы» мамандығы бойынша білім алатын 89-топ студенті Рахмет Мухаммедали Ашырұлы және «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» мамандығында оқитын 22-топ білім алушысы Парманқұл Қалбибі Шавкатқызы президенттікке үміткер болып өздерін жариялады. Колледж білім алушылары ашық түрде үміткерлерге дауыс берді.«Өзін-өзі басқару» ұйымының студенттік президенті Парманқұл Қалбибі Шавкатқызы болып сайланды.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId3df88cc5b9
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту орталығына қарасты «№1 колледж» МКҚК-сының «Ізгілік елшілері» жобалық кеңсесінің мүшелерімен ұзақ жылдар бойы өндірістік оқыту шебері Таңатов Түгелбай ағайымыздың үйіне барып, үй шаруашылығына көмек қолын созды.«Қарты бар елдің қазынасы бар»,— деп қазақ атам тегін айтпаса керек. Жастарымыз үлкендерді әрдайым осылай сыйлап, қолұшын беріп, кейінгі өскелең ұрпаққа мол өнеге қалдыруға барынша тырысып жүр.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeIde0ba1564b5
Ұстаз болу — жүректің батырлығы,
Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы
Ұстаз болу — мінездің күн шуағы
Ұстаз болу — адамның асылдығы. Дүниедегі мамандық атаулының анасы–ұстаздық. Себебі ұлы тұлғаларымыздың барлығы ұстаздан тəлім алған, ұстаздың салып берген сара жолынан өткен. Өлең сөзді өрнектеген ақын да, қаламы қарышталған жазушы да, ғылым жолында түрлі жаңалықтар ашып жүрген ғалым да ұстаздан білім алған. Сондықтан да жас ұрпақтың жолын айқындап беретін ұстаздар қауымына үлкен құрметпен қарау–адамдық борышымыз. 03.09.20220жылы «№1 колледж»МКҚК ның жастар ұйымы ұйымдастыруымен колледж акт залында «Ұстаз-аты биік әрі мәнгілік» атты мерекелік іс-шара өтті.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeIdf9c5bdaddd
Көп жасаған қария, Ақылы теңіз-дария. Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі – соқпақ, өзі нәр. Ата салты – ардақты, Әрбір сөзі – салмақты. Қазан айының мерекелерінің бірі ол біздің үлкен аталарымызбен аналарымыздың мерекесі. Бірінші қазан «Қарттар күні» «№1 колледж» МКҚК жастар ұйымы, өзін-өзі басқару ұйымының жылдық жоспарына сәйкес «Қарттарым — асыл қазынам!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Колледжде ұзақ жылдар қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан ардагер қарияларды шақырып, студенттердің қатысуымен концерттік бағдарламалар ұсынды. Концертке келген ардагер ұстаздар студенттерге бастарынан өткен қызықты оқиғалармен бөлісіп, студенттердің оқуларына сәттілік тіледі. Қарттар өздеріне арналған жүректен шыққан жырлармен, әсем ән тыңдап көтерінкі көңіл күймен қайтты.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeIdf2eeb1643e
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет Біртұтас ұлт «Берекелі қоғам» атты Жолдауы халық апараттық-түсіндіру жоспарына сәйкес 2022жылдың 6-қазан күні «№1 колледж» МКҚК ның бір топ студенттері және жастар ұйымы колледж педагог-психологы Ш. Жақсыбаева Созақ ауылының киелі орындарына экскурсия жасады. Экскурсия барысында студенттер тарихи орындарына тарихи ескерткіштерімен танысып өздеріне керекті көптеген мәліметтерге ие болды.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId96d1becaff
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «№1 колледж» МКҚК-сында «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жылдық жоспарына сәйкес білім алушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік мінез-құлық қалыптастыру мақсатында «Адал бол жас ұрпақ» тақырыбында видеоролик түсірілді.
2022 жылдың 10 қазан күні «№1 колледж»МКҚК сында кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізу мақсатында Созақ ауылында орналасқан Науайы атындағы жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушылары колледжде болды. ДТІЖ орынбасары Р. Атажиев педагог-психолог Ш.Жақсыбаевалар колледждің тыныс, тіршілішімен, жетістіктері, материалдық техникалық базасымен таныстырып, оқушыларға үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId25570fb333
18.10-24.10 аралығында «Тіл- достықтың белгісі» атты апталықтың жоспары құрылып, бекітілген бағдарламаға сәйкес іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Адамға екі нәрсе тірек тегі: Бірі – тіл, бірі –ділің жүректегі» деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп, бойға тарайды. Студенттердің патриоттық сезімін ояту, елге қызмет етуге, мемлекеттің іргесін нығайтуға, тілдің дәрежесін көтеру мақсатында бүгін колледжімізде Гуманитарлық пәндер циклдық әдістемелік комиссиясының «Тіл – достықтың кепілі» атты апталығының ашылу салтанаты болып өтті. Мерекелік іс-шара қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтті. Іс-шараға колледж белсенді студенттері өз өнерлерін көрсетті.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeIdc47c54caad
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «№1 колледж»МКҚК-нында 25-қазан Республика күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар жоспарына сәйкес 18 қазан күні топ кураторлары «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаттар өтілді. Топ кураторлары студенттерді отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу жолында жұмыстар жүргізуде.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId3789fcf124
25-қазан Республика күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар өз жалғасын табуда. 19қазан 2022жылы «№1колледж» МКҚК-ның студенттері арасында Гуманитарлық пәндер циклдық комиссиясының ұйымдастыруымен «Атамекен» тақырыбында топ аралық патриоттық диктант конкурсы және «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында топ аралық эссе конкурстары өтті.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeIdfe776c49fc
19 қазан күні «Тіл – достықтың кепілі» атты апталығымыздың екінші күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Әлібекова Майра «Мақал-мәтел сөз мәйегі» тақырыбында І және ІІ курс студенттер арасында сайыс сабақ өтті. Мақал-мәтелдердің мағынасын ұғынуға, сөз қорын молайтып, ақыл-ойын дамытуға, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында өткен іс-шараға студенттер белсене қатысып, сабақ жоғары деңгейде өтті.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId6509a5c532
20 қазан күні «Тіл – достықтың кепілі» атты апталығымыздың үшінші күні ағылшын тілі пәнінің оқытушыларының ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында «Journey through old places» атты танымдық сабақ өткізілді. Білім алушылардың танымдық қабілетін дамыту, тілге деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын молайту мақсатында өткен сабаққа білім алушылар белсене қатысты.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId9014cff703
21 қазан күні білім алушылардың үш тілді меңгеруге танымдық белсенділігін, тіл пәндеріне деген білімдерін арттыру, алған білімдерін шыңдап, тексеру мақсатында орыс тілі пәнінің оқытушысы НұрмахановаУмида Алимханқызы студенттер арасында «Үштілділік - заман талабы» атты «Kahoot» мобильді қосымшасы арқылы интеллектуалды ойын өткізді. Студенттер өзара бақ сынасты. Қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінен сұрақтарға дұрыс әрі жедел жауап берген №22 тобының білім алушысы Арын Марина жеңімпаз атанды. Жүлделі ІІ орынды осы топтың студенті Сүлеймен Лайла иеленсе, ІІІ орынды Парманқұл Қалбибі жеңіп алды. Жүлдегерлерге алғыс хаттар табыс етілді.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId86de03d903
27 октября 2022 года в колледже №1 в рамках недели языков «Язык-залог дружбы» была проведена интеллектуальная игра «Звездный миг удачи». Конкурс организовала учитель русского языка и литературы Даулеткелдиева Д.Т. Цель: показать красоту и богатство русского языка, его значение в жизни каждого человека; развивать познавательный интерес к русскому языку, творческие и интеллектуальные способности, сообразительность. В этом конкурсе каждый участник смог подчеркнуть для себя много интересного. Лучшей команде были вручены дипломы и памятные призы.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId8ec1af8a43
«Тіл – достықтың кепілі» атты апталығының жабылуы және жеңімпаздарды марапаттау кезеңі 27 қазан күні өткізілді. Тілдер апталығының салтанатты түрде жабылуына апталыққа қатысқан студенттер, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Р.З.Атажиев, әдіскер А.К.Абдихаева, гуманитарлық пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының төрайымы Ж.К.Тагиева, осы апталықты өткізуге жауапты барлық оқытушылар қатысып, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeIdee1e59eeeb
«№1 колледж»МКҚК-нының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының жылдық жоспарына сәйкес 25 қазан- Республика күніне орай жастар ұйымымен өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 28қазан күні студенттер арасында «Біз таланттыларды іздейміз» топ аралық сайысы болып өтті. Сайыстың мақсаты колледжге жаңадан қабылданған студенттер арасында талантты жастарды анықтау және сол студенттермен тынғыдықты жұмыс жасау. Сайысқа әр топтың командалары 10 шарт бойынша бақтарын сынады. Әділ қазылар алқасының ұйғарымымен №21 «Арнайы тігінші» тобы студенттерінен жасақталған «Інжу-Маржан»тобы 1-орын, №22 «Арнайы тігінші» тобы студенттері «Қызғалдақ» тобы 2-орын, №89 «Фермер шаруашылығы» тобының «Айбын» командасы 3-орынды иеленді. №93 топ студенттері колледж директорының алғыс хатымен марапатталды.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId77c2730529
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты Созақ ауданы, Созақ ауылында орналасқан «№1 коллдж» МКҚК-нында жастар және өзін-өзі басқару ұйымдары МКЖҰ М. Шоновтың ұйымдастыруымен рәміздердің 30 жылдығына орай «Мерекелі күз» тақырыбында «Күз ханзадасы мен ханшасы» байқауы болып өтті. Байқауға студенттер жұп болып шығып 5 шарт
бойынша өнер көрсетті. Әділ қазылар алқасының ұйғарымымен, жыл ханзадасы мен ханшайымы атты атаққа ие болган «Нурислам мен Айшагүл» жұбы. «Ердаулет пен Шамшат» жұбы 2-орын,«Нурболат пен Сымбат» жұбы 3-орын алғаны үшін мараптталды. Колледж директорының алғыс хатымен «Айқын мен Лайла» марапатталып ынталандыру сыйлықтары берілді.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeIdff634aea74
3.11.2022 жылы Созақ АПБЖПҚ бөлімшесінің №42 Созақ ауылдық полиция учаскесінің инспекторы полиция капитаны Айтжанов Фархат Боранханович Созақ ауылында орналасқан «№1 колледж» МКҚК-нында болып, студенттерге кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алу,түнгі уақытта студенттердің жүруі, ойын-сауық орталықтарында жүру тәртібі, интернет алаяақтарынан қорғану тақырыптарында баяндама жасап түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId022f5dd662
«№1 колледж» МКҚК-ның 25-қазан Республика күні аясында өткізіліп жатқан іс-шаралар жоспарына сәйкес 21 қазан күні колледж студенттерінің қатысуымен «Патриотизм дауысы» атты Мемлекеттік әнұран жаппай орындалды.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeIdb33c35e75b
2022 жылдың қазан айының 20 жұлдызы күні Созақ ауданы Созақ ауылында орналасқан «№1 колледж» МКҚК-ның акт залында Түркістан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушысы- теолог маманы Қ. Қосмаханов колледж студенттерімен түсіндәру жұмыстарын жүргізіп, кездесу өткізді. Теолог маман студенттерге деструкивті діни ағым идеологиясы ықпалының, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдарын айтты, студенттерге кереғар ағымдарға кіріп кетпеу үшін нелерге мән беру керектігін түсіндірді. Студенттер өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарға толығымен жауаптарын алды.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId4f5e46782c
«№1 колледж» МКҚК-ның 25-қазан Республика күні аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес 17-18 қазан күндері спорттық жетекші А. Гаиповтың ұйымдастыруымен колледж спорт залында кіші футболдан топ аралық жарыстар болып өтті. Жарыс нәтижесі төмендегідей болды:
1-орын №88 «Электргазымен дәнекерлеуші» тобы.
2-орын №85 «Электргазымен дәнекерлеуші» тобы.
3-орын№90 «Фермер шаруашылығы» тобы
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId7422ad031e
«№1 колледж» МКҚК-ның 25-қазан Республика күні аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес жастар ұйымы және өзін-өзі басқару ұйымдарымен «Ауылым алтын бесігім» тақырыбында бейнежазба байқауы өткізілді. Оқу топтары өздерінің жасаған бейнежазбаларын ұсынды. Комиссияның корытындысына сәйкес 1-орын №21 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», 2-орын №22 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», 3-орын №20 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының суденттеріне берілді. №89 «Фермер шаруашылығы» және №93 «Электромонтёр» тобының студенттері алғыс хатпен марапатталды.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId98e0ee377e
«№1 колледж» МКҚК-ның «Ізгілік елшілері» клубының жоспарына сәйкес 14.10.2022 жыл «Жемқорлықсыз қоғам» тақырыбында суреттер байқауы болып өтті.Байқауга колледждегі редколлегия мүшелері қатысып, өздерінің қиялдарын қағаз бетіне түсіріп, әділ қазы алқаларына көрсетті.Сурет байқауының мақсаты біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ екенін түсіндіру. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұру керек екендіктерін. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы екенін сезіндіру.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId3a0b8f8015
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «№1 колледж» МКҚК сында «Ұшқыр ой» дебат клубының ұйымдастыруымен «Кредиттік технологияның артықшылықтары» тақырыбында студент жастармен пікірсайыс өткізілді. Дебат екі фракциядан тұрды «Алғыр» және «Тапқыр». Білім алушылар тақырыпқа сай сөз өрбітіп өздерінің білімін сөздерімен дәлелдеді. Дебат соңында студенттер оқу орнымыздың директорының мадақтамаларымен марапатталды. «Үздік спикер» номинациялары берілді.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeIdef978e5247
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы (Бұдан әрі Басқарма) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 Бұйрығының (Бұдан әрі-Бұйрық) «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» талаптарына сәйкес білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестердің талапқа сай құрылуын қамтамасыз ету, білім саласындағы қамқоршылық кеңестің өкілеттігін жүйелеу мақсатында 5-тарау (Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату) 30-тармағы 1) тармақшасы (тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша) Созақ ауданы,Созақ ауылындағы «№1 колледж» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында қамқоршылық кеңесі таратылды.
Сонымен қатар, қамқоршылық кеңестерге Бұйрыққа сәйкес өкілеттілігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Управление развития человеческого потенциала Туркестанской области (далее-Управление) в соответствии с требованиями Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 июля 2017 года №355 (далее-приказ) «типовые правила организации работы попечительского совета в организациях образования и порядка его избрания» обеспечивает адекватное формирование попечительских советов в организациях образования, обеспечивает в целях систематизации полномочий попечительского совета подпункт 1) пункта 30 Главы 5 (прекращение деятельности Попечительского совета) (по инициативе уполномоченного органа соответствующей отрасли или местных исполнительных органов в области образования) упразднен попечительский совет в Коммунальном государственном казенном предприятии «колледж №1» Сузакском районе в селе Сузак. Кроме того, в соответствии с приказом в попечительские советы проведена разъяснительная работа по полномочиям.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
№ | Название | Скачать |
---|---|---|
1 | План ТиПО 2021-2022 жыл. каз.яз. | ![]() |
2 | Парасаттылық мектебі ,Ізгілік елшілері, Саналы ұрпақ жобалық кеңсесі | ![]() |
Құрметті қазақстандықтар!
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесі барлық азаматты Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының алдағы бес жылға арналған Тұжырымдамасын белсенді талқылауға шақырады. Жемқорлықты тек бірге жеңеміз!Толығырақ www.adal.com.kz сайтында
https://www.facebook.com/100011391707979/posts/1734713066918400/?d=n
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeIdf2a44e5ac9
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚОҒАМ БОЛЫП ТӨТЕП БЕРУ МАҢЫЗДЫ
Бүгінде пандемия жағдайында мемлекет бизнестің тек құқықтық салада қауіпсіз жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдайларды жасауда.
Алайда, кейбір арам ойлы шенеуніктер мен алаяқтар бопсалау үшін белгіленген шектеулерді қолданады.
Бұған қолда бар фактілер дәлел.
Сондықтан, пара бергені үшін ірі айыппұлдармен қоса, Қылмыстық кодексте ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Сондай-ақ, шенеуніктер пара талап еткен жағдайда, Сіз Агенттіктің сенім телефонына - 1424 нөмірі бойынша хабарласа аласыз.
Оларға заңнамаға сәйкес қатаң шаралар қолданылатын болады.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) баспасөз қызметі
https://www.facebook.com/100011391707979/posts/1740873716302335/?d=n
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId930892a7c9
26.10.2021 жылы Түркістан қаласындағы Түркістан оқушылар сарайында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің «Sanaly Urpaq» жобасын іске асыру мақсатында өткізілген «Sanaly Urpaq» ерікті студенттердің облыстық слеті болып өтті. Слетқа Созақ ауданындағы «№1 колледж» МКҚК-ның ерікті студенттерден құрылған «Адалдық елшілері» командасы ( жетекшісі жастар ұйымының төрайымы У.Нұрмаханова ) қатысып арнайы сертификат алды.
https://www.facebook.com/100011391707979/posts/1757295661326807/?d=n
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId837f9fc098
ҚР-ның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдар аралығында іс-шаралар жоспарын орындау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар арасында адалдық құндылықтарын кеңінен насихаттау мақсатында №1 колледжде «Таза сессия» акциясы өткізілді. Акцияға колледж студенттері тартылды. Акция барысында сыбайлас жемқорлық фактілерінің пайда болу сипаттары, себептері туралы айтыла келіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарының көптеп жүргізілуі керектігі айтылды.
https://www.facebook.com/100011391707979/posts/1798684013854638/?d=n
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId71fae7e073
«№1 колледж» МКҚК –нында өзін –өзі басқару ұйымы, парасаттылық мектебі және жастар ұйымының ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында « Мейрімділік жүректе» атты қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкеге колледж студенттері белсене қатысып өз қолдарымен дайындаған тәттілерімен тағамдарын саудалап, саудадан түскен қаражатты колледжде оқитын әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге көмек ретінде ұсынды.
https://www.facebook.com/100011391707979/posts/1835340580188981/?d=n
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId9adaf74641
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «№1 колледж» МКҚК-нда 25.02.2022 жылы «Ізгілік елшілері» жобалық кеңсесінің жоспарына сәйкес «Мейірімділік жүректен» тақырыбында қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті.
https://www.facebook.com/100011391707979/posts/1843336959389343/?d=n
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId1e0f1b3a1d
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту бақармасына қарасты «№1 колледж» МКҚК-нындағы «Ұшқыр ой» дебаттық клубының жоспарына сәйкес 10 наурыз күні «Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?» тақырыбында дебаттық сайыс болып өтті. Дебатта студенттер екі топқа бөлініп өздерінің ойларын жете түсіндіруге әрекет жасап, ойларын ұғындыра білді.
https://www.facebook.com/100011391707979/posts/1853133648409674/?d=n
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeIddf23b3dbdb
Ақыл-парасат күші адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш.
— Әл-Фараби
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің тапсырмасымен жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, патриотизм, елін жерін сүйетін, саналы да адал азамат тәрбиелеу мақсатында «АДАЛДЫҚТЫҢ БАСТАУЫ- САНАЛЫ ҰРПАҚ» тақырыбында 15 сәуір "№1 колледж" МКҚК -ның студент жастармен кездесу өткізіліп, бейнеролик көрсетілді.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId8e59881f31
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «№1 колледж» МКҚК-сының Парасаттылық мектебінің жылдық жоспарына сәйкес Өзін-өзі басқару және «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі мүшелері қатысуымен, колледжіміздің студент жастарын сыбайлас- жемқорлыққа қарсы пікір қалыптастыру үшін Парасаттылық мектебінің жетекшісі А. Ибадулла «Сыбайлас -жемқорлыққа жол жок!» тақырыбында TedeX печа-куча форматында білім алушылармен кездесу өтткізді
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId41ac98ce77
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId5ece001d33
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «№1 колледж» МКҚК-сының «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жылдық жоспарына сәйкес «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында оқу орнымызда сурет байқауы ө
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId71afae4d44
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «№1 колледж» МКҚК-сының Парасаттылық мектебінің жылдық жоспарына сәйкес студент жастармен жемқорлыққа қарсы мінез құлықты қалыптастыру мақсатында сауалнама жүргізілді.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId0914ec1199
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «№1 колледж» МКҚК-сының «Ізгілік елшілері» жобалық кеңсесінің жылдық жоспарына сәйкес «Жемқорлықсыз қоғам» тақырыбында сурет байқауы өтті.Суреттер байқауының мақсаты студенттердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы нольдік мінез құлық қалыптастыру.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeIdb878128923
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «№1 колледж» МКҚК-сы «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жылдық жоспарына сәйкес « Жемқорлықсыз жарқын өмір!» тақырыбында ШахиАхмет мешітінің наиб имамы Тынышбаев Бекзат мырза студенттермен кездесіп, сыбайлас жемқорлықтың діни және адами тұрғыда өте үлкен қателік екенін айтып, студент жастарымызға ақыл қосты. Кездесудегі мақсат өскелең жас ұрпаққа сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікір қалыптастыру.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId9ddfb37ae5
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «№1 колледж» МКҚК-сының «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жылдық жоспарына сәйкес білім алушылардың бойында адалдық, парасаттылық,әділдік,сенім құндылықтарын қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- бүгінгі күн талабы» тақырыбында сауалнама жүргізілді.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId29f9393250
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «№1 колледж» МКҚК-сында Парасаттылық мектебінің жылдық жоспарына сәйкес «Таза сессия» акциясы басталды. Акцияның негізгі мақсаты алдағы емтихандарды таза, әділ, сенімді түрде өткізу.«Таза сессия» акциясы аясында студент жастармен «Таза сессия» сауалнамасы жүргізілді. Оқу орнымызда «Таза сессия» сенім жәшігі қойылды. Қызметкерлер мен білім алушыларды сыбайлас жемқорлық жөнінде құқық бұзушылықтар болған жағдайда мәлімет беру мақсатында орнатылды.
http://kolledzh-1.rka.kz/t-rbie-b-limi.html#sigFreeId564f459b70