«№1 колледж» туралы мәлімет
«№1 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 1959 жылы 27 желтоқсанда Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің шешімімен ауыл шаруашылығын механикаландыру мақсатында Ауыл шаруашылығын механизациялау училищесі болып ашылды .
Училище аудан шаруашылықтарына қажетті механизатор кадрларын даярлауға бағытталған.
1963 жылы СПТУ-134 (№134 орта кәсіптік – техникалық училище) болып аталды. Училищеде шофер – слесарь, ағаш ұстасы, бухгалтер, сатушы т.б. мамандықтар бойынша жас мамандар дайындалды.
1978 жылы ТУ-51 (№51 техникалық училище) болып өзгерді. Мұнда тек қана техникалық кәсіп иелері ғана дайындалды.
1984 жылы 5 қыркүйектен бастап КПСС орталық комитеті (сәуір 1984 жыл) Пленумының шешіміне сәйкес СПТУ-22 (№22 орта кәсіптік – техникалық училище болып қайта құрылды.
Оңтүстік Қазақстан облыстық білім департаментінің бұйрығымен 2002 жылы №1 КМ (№1 кәсіптік мектеп) болып атауы қайта өзгерді.
2008 жылы 28 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының бұйрығына сәйкес «№1 кәсіптік лицей» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып аталды.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы №394 «Коммуналдық облыстық заңды тұлғаларды қайта атау туралы» қаулысы негізінде білім басқармасының 29.12.2012 жылғы №1378 бұйрығымен «№1 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып аталды.
Колледжіміз өмір сүрген 59 жыл ішінде әр түрлі мамандықтар бойынша 13 мыңнан астам білікті жұмысшы кадрларын даярлап шығарды.
Колледжді 1959-1962 жылдары Абдраманов Балтабай;
1962-1986 жылдары Мақұлбеков Пернебай;
1986-1991 жылдары Оспанов Жақсылық;
1991-2007 жылдары Өскен Бөрғазы,
2007-2015 жылдары Ушибаев Марат Исмайл ұлы басқарса ,
Қазіргі таңда №1 колледж директоры болып Қордашбеков Бақдаулет Жақсылықұлы жұмыс атқарып келеді. Бүгінгі таңда №1 колледж тек ауыл шаруашылығына ғана емес өндірістік, өнеркәсіптік, құрылыстық т.б. салалар бойынша нарықтық экономика талаптарына сай бәсекеге қабілетті білікті маман жұмысшылар даярлауда атап айтар болсақ Токарь, Газбенэлектрмен дәнекерлеуші, Бір ожаулы эксковатор машинисі, Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы машинист, Арнайы тігінші, Слесарь-жөндеуші мамандықтары бойынша 12 топта барлығы 298 студент білім алуда.
21 өндірістік оқыту шебері, 19 мұғалім студенттерге білім нәрін беріп келуде. Әкімшілік құрамда Директор, 4 директордың орынбасары, 1 аға шебер, 1 психолог, 1 әдіскер болып атап айтар болсақ
Қордашбеков Бақдаулет Қордашбекұлы-Директор,
Сағындков Аскербек Колхозұлы - директордың оқу өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары
Танатаров Баглан Абдрахманович - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Атажиев Руслан Зафарович - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Абдукаюмов Бахтияр Дадаханович – директордың шаруашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары
Жұманазаров Жүніс Балтаевич - аға шебер
Салайдинова Гулнара Әшірметовна - психолог
Мәнетова Мінаш - әдіскер.
Көп ұлтты Қазақстанның бүгінгі жаңару бағыты – жалпы адамзаттың және ұлттық құндылықтардан сусындаған, ұлттық дүниетанымы, мінез-құлқы қалыптасып, жан-жақты жетілген парасатты азаматтар тәрбиелеу және біздің мекемеміз де бұл тәрбие жұмыстарынан тыс қала алмайды. Осы бағытта «№1 колледж» МКҚК нында өткен оқу жылында жүргізілген жұмыстарды атап айтатын болсам,
- 1 қыркүйек білім күні күніне орай өткізілген салтанатты жиын.
- 20 қыркүйекте Ауылдық мәдениет үйінде ауыл мекемелері арасында өткізілген «Сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт сұлтаны байқауына №4 электрик тобының студенті Нысанбай Мирас қатысып алғыс хатпен марапатталды.
- 2-3 қазан күндері Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласы аясында өткізілген «Менің сүйікті жыл мезгілім» топ аралық сайысы.
- 17 қараша студенттер күнін мерекелеуге арналған іс-шара.
- 29 қараша күні Ауылдық мәдениет үйінде ауыл мекемелері арасында өткізілген «Алтын күз-2017» байқауына №17 арнайы тігінші тобының студенті Амреева Аида қатысып алғыс хатпен марапатталды.
- «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент» күніне орай «Туған жерге тағзым» атты топ аралық байқау
- Тәуелсіздіктің 26 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім» атты апталық мәдени шара.
- Колледж студенттерінің жаңа жылдық шыршасы.
- Ауыл көлеміндегі мекемелер арасында «Ұстаздар» мерекесіне орай волейболдан өткізілген жарыста колледж ұжымы Алғыс хатпен марапатталды.
- ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай жалпы ауыл көлемінде оқушы, студенттер арасында ұйымдастырылған көңілді тапқырлар клубы сайысына колледжімізден 1 команда жасақтап апарылды. Нәтижесінде ІІІ орынды жеңіп алды.
- Созақ ауылдық әкімшілігі бойынша Суындық жалпы орта мектебінің ұйымдастыруымен өткізілген волейбол жарысында №1 колледж ұстаздары мен қызметкерлері жақсы ойын көрсете білді. Команда капитаны «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.
- Қарттар күніне орай Ауыл әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараға қатысып, №1 колледжге бекітілген қарияға жастар ұйымы көмек көрсетті.
«№1 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ұжымы студенттерге сапалы білім саналы тәрбие беруде аянбай еңбек етіп келуде..