ГККП "Колледж №1" управления развития человеческого потенциала Туркестанской области
0
Студенттер, аяулы ақ мамандар

Студенттер, аяулы ақ мамандар

Жыл сайын жасарғандар, жаңарғандар.

Қызық қуып терезеге қарағандар,

Білім қуып бөлмеге қамалғандар

«№1 колледж» МКҚК директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының жылдық жоспарына сай колледж жастар ұйымы мен өзін-өзі басқару ұйымдарының ұйымдастыруымен 17-қараша «Студенттер күні»не орай колледж студенттері арасында «Ел ертеңі біздер» тақырыбында ауқымды іс-шара болып өтті. Іс-шарада әр топ студенттерінен құралған командалар қатысып, әр түрлі жарыстарда өзара белдесті.

Әділ қазылар алқасының шешімімен арқан тартыс сайысында: №84 «Токарь» тобының студенттері І орын, №89 «Фермер шаруашылығы» тобының студенттері ІІ орын, №90 «Фермер шаруашылығы» тобының студенттері ІІІ орын Квест ойындарында №84 «Сұңқар» тобы І орын, №20 «Шамшырақ» тобы ІІ орын, №85 «Жалынды жастар» тобы ІІІ орын,қол күрестен : №84 «Токарь» тобының студенті Ш.Жақсыбек І орын, №88 «Электргазымен дәнекерлеуші» тобының студенті С.Шалтай ІІ орын, №84 «Токарь» тобының студенті Р.Амет ІІІ орын иеленсе, кір тасын көтеру сайысында №88 «Электргазымен дәнекерлеуші» тобының студенті С.Шалтай І орын, №84 «Токарь» тобының студенті Б.Ораз ІІ орын, №89 «Фермер шаруашылығы» тобының студенті Ғ.Сүлеймен ІІІ орын иеленді. Іс-шараның соңы студенттердің дайындаған мерекелік кешімен жалғасты.

https://www.facebook.com/100011391707979/posts/1773321196390920/?d=n