28.10.2021 жылы Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастырумен Кентау қаласындағы «№ 7 колледж» МКҚК-ның базасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Білімді ұрпақ-Тәуелсіз ел тірегі» атты облыстық жастар форумы ұйымдастырылды. Форумға Созақ ауданындағы « №1 колледж » МКҚК-нан 7 студент қатысып жүлделі орындарды иеленді. «Тәуелсіз елдің білімді ұрпағы » интеллектуалды сайысының «Kahoоt» ойынында №20 «Арнайы тігінші» тобының студенті З.Балақан, №21 «Арнайы тігінші» тобының студенті А.Әбілқасым І-орын иеленсе, №85 «Дәнекереуші» тобының студенті Ю.Парманқұл, №84 «Токарь» тобының студенті Ж.Шәріпбек «Мұрагер» квест ойындарынан жүлделі ІІ-орын иегері атанды. №20 «Арнайы тігінші» тобының студенттері О.Барат, Ш.Тұрқали және №88 «Дәнекерлеуші» тобының студенті А.Әкетай Алғыс хатпен марапатталды.
https://www.facebook.com/100011391707979/posts/1758464611209912/?d=n