ГККП "Колледж №1" управления развития человеческого потенциала Туркестанской области
0
Жас сарбаз

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Түркістан Ахмет Яссауи колледжінде Жастар арасында патриоттық тәрбиені жандандыру, Отан қорғауға деген сүйіспеншілігін арттыру және кеңінен насихаттау мақсатында облыстық техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әскері патриоттық клуб мүшелері арасында "Жас сарбаз" слеті болып өтті. Слетқа №1 колледж МКҚК-ның "Жас сарбаз" клубының мүшелері, Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Қ.Байкөбеков басқарушы барып қатысып қайтты. Студенттер дайындықтарын көрген Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысының Алғыс хатымен марапатталды.