Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы «№1 колледж» МКҚК-нда Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының 26.04.2022 жылғы № 28-01/1834 шығыс хатына сәйкес көктемгі тауға шығу, серуендеу кезінде қауіпсіздік шаралар мен оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында жиналыс болып өтті. Жиналыста колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Атажиев студенттерге көктем мезгілінде тауға шығу, серуендеуге қатаң тиым салынатынын және оқыс оқиғалардың алдын алу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді.