2022 жылы сәуір айының 13 жұлдызы күні Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы, Кентау көпсалалы колледжінің ұйымдастыруымен Кентау қалалық мәдениет сарайында «Мен - өз елімнің патриотымын!» атты облыстық патриоттық әндер байқауын өтті.
Байқауға Түркістан облысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының дарынды студенттері қатысты.
Жалпы байқаудын мақсаты: оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру. Жастарға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру болатын.
Байқау екі кезең бойынша өткізіледі: бірінші кезеңде қатысушылар - өңірлік авторлардың патриоттық әндерін орындап шықты. Жақсы өнер көрсеткендер екінші кезеңге іріктеліп, елімізге танымал авторлардың патриоттық әндерін орындады.
Созақ ауданы, Созақ ауылында орналасқан N1 колледждің 1- курс, N88 электргазымен дәнекерлеуші тобының студенті Акетай Арман жүлделі ІІІ- орынди иеленіп, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының арнайы дипломымен марапатталды.
Жеңіс құтты болсын Арман!
http://kolledzh-1.rka.kz/is-sharalara/160-men-z-elimni-patriotymyn-atty-oblysty-patriotty-nder-baj-auyn-tti.html#sigFreeId5585053f91