Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «№1 колледж» МКҚК директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының жылдық жоспарына орай жастар арасында терроризм мен экстремизмнің алдын алу, дұрыс діни көзқарас қалыптастыру мақсатында Созақ ауылындағы Шахи Ахмет мешітінің наиб имамы Б.Тынышбаев пен студенттер арасында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде студенттер діни сауаттылық, терроризм, эктремизм, кереғар ағымдар жайлы ауқымды мәліметтерге ие болды. Өздерінің қызықтырып жүрген сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптарды алып қайтты.
https://www.facebook.com/100011391707979/posts/1834728176916888/?d=n
http://kolledzh-1.rka.kz/is-sharalara/122-srjioutnbiuuugrguisrthguishrthgsurthgl.html#sigFreeIdcca5106286