ГККП "Колледж №1" управления развития человеческого потенциала Туркестанской области
0
2021 ж. 20.12-24.12 күндері аралығында колледжімізде жаратылыстану әдістемелік пәндер бірлестігінің «Жаратылыстану ғажайыптары» тақырыбында апталығы өтті

2021 ж. 20.12-24.12 күндері аралығында колледжімізде жаратылыстану әдістемелік пәндер бірлестігінің «Жаратылыстану ғажайыптары» тақырыбында апталығы өтті.

Бұл апталықтың мақсаты, білім алушылардың осы бағыттағы пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін және белсенділіктерін дамыту.

Желтоқсанның 20 күні колледжішілік жиында апталықтың салтанатты ашылуы өткізіліп, өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырылды.

21 желтоқсан күні математика пәнінің мұғалімі Нұрмаханова Н.Н. «Атажұрт» атты танымдық сайыс өткізді. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. 1 кезең «Таныстыру», 2 кезең «Өткел», 3 кезең «Белес», 4 кезең «Бекет», 5 кезең «Асу». Сайыс қорытындысы бойынша «Конус» тобы жеңіске жетті. Сабақ өз мақсатына жетті, сайыс сабақ жақсы өтті.

22 желтоқсан күні физика пәнінің мұғалімі Гайпбаев М.А. білім алушылардың ой-өрісін арттыру, пән бойынша алған білімдерін қолдана білуін, шығармашылық қабілеттерін дамыту және топпен, ұжыммен жұмыс істей білуге баулу мақсатында 1-2 курс студенттер арасында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайыс сабақ өткізді.

23 желтоқсан күні химия пәнінің мұғалімі Сайдалиева Э.А. жаңаша әдіс тәсілдерді қолдана отырып «ІІА топ элементтері. Кальций» тақырыбында ашық сабақ өтті. Студенттерді «Қол шапалақ», «Бағдаршам» әдістерімен бағалады. Топтағы барлық білім алушылар шынайы бағаланып отырды.

24 желтоқсан күні жаратылыстану әдістемелік пәндер бірлестігінің «Жаратылыстану ғажайыптары» атты апталықтың салтанатты жабылу жиыны өтті. Белсенділік танытқан студенттер мақтау қағаздарымен марапатталды.

https://www.facebook.com/100011391707979/posts/1802251626831210/?d=n