ГККП "Колледж №1" управления развития человеческого потенциала Туркестанской области
0
15 желтоқсан күні №1 колледжде «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік»

15 желтоқсан күні №1 колледжде «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік» атты апталықтың жабылу кеші болып өтті. «Тұғыры биік-Тәуелсіздік!» атты кеш Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. Колледжіміздің өнерлі жастары би билеп, әуезқді әндер айтып, сахналық қойылым көрсетті. Колледжіміздің оқытушысы Л.Аманбаева желтоқсан оқиғасының құрбаны Л.Асанованың анасының жоқтауын орындағанда еріксіз көзімізге жас келді. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған мәдени іс-шара өз мәресіне жетті. Бұндай тағылымы мол, мазмұны терең мерекелік іс-шараның білім ордасы жастарына үлгі-өнеге болары анық.

https://www.facebook.com/100011391707979/posts/1792735454449494/?d=n