http://kolledzh-1.rka.kz/is-sharalar/is-sharalar-22-23/311-ta-atarov-ba-lan-abdrakhmanovichti-zhetekshiligimen-taza-sessiya-aktsiyasy-jymdastyryldy.html#sigFreeId44f77c1f1c
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «№1 колледж» МКҚК нында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Таңатаров Бағлан Абдрахмановичтің жетекшілігімен «ТАЗА СЕССИЯ» акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты - оқу ордамызда сыбайлас жемқорлықтың жай күйін анықтау. Оқу орынымызда жемқорлықпен белсенді күресіп жүрген «Парасаттылық мектебі» және «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі студенттер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Емтихандық сессия – студент өміріндегі ең жауапты кезең. Біздің міндетіміз сессияларды таза да адал өткізу. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық көріністері қоғамның әлеуметтік-экономикалық саласын ғана емес, рухани дамуына да кері әсерін тигізеді. Бұл, ең алдымен, еліміздің болашағы – жастарға айрықша әсер етеді. Оларды мектеп жасынан бастап, жоғары оқу орнын бітіргенге дейін адалдыққа тәрбиелеу біздің ең басты мақсатымыз.