http://kolledzh-1.rka.kz/is-sharalar/is-sharalar-22-23/291-kolledzh-yzmetkerleri-k-kt-be-auylynda-y-suyndy-atynda-y-zhalpy-orta-metebinde-bolyp-9-11-synyp-o-ushylarymen-kezdesu-jymdastyrdy.html#sigFreeId91b7132d3e
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «№1 колледж» МКҚК-ның 2023-2024 оқу жылына арналған кәсіби бағдар жұмыстарының жоспарына сәйкес колледж қызметкерлері Көктөбе ауылындағы Суындық атындағы жалпы орта метебінде болып 9,11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды. Бітірушілерге колледждегі оқытылатын мамандықтар және колледж студенттеріне жасалған жағдайлар жайлы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға колледжге оқуға шақыру туралы үнқағаздар және хабарландырулар таратылды. Колледжге оқуға қабылдануға ниет білдірген оқушылар колледж қабылдау комиссиясына қандай құжаттар өткізу керектігін біліп алды.