ГККП "Колледж №1" управления развития человеческого потенциала Туркестанской области
0
«Көктем аруы-2023» топ аралық сайыс өтті

«№1 колледж» МКҚК сында Наурыз мерекесіне орай жасалынған жоспарлар жалғасын табуда. Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесі қарсаңында «Қош келдің-әз Наурыз» іс-шаралар жоспарына сәйкес «Көктем аруы-2023» топ аралық сайыс өтті. Сайысқа «Киімдерді үлгілеу және тігін өндірісі» мамандығының қыздары қатысты. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. 1.«Халық тәлім-тәрбие бастауы» таныстыру. 2.«Табиғи дарын» өнер сайысы 3.«Көктемгі қиял ғажайып» салат түрі. 4.«Білгенге маржан» Сұрақ-жауап 5.«Ұстамын деп тең түріп,үлгісіз тон пішпе» сән үлгісі шарттары бойынша өнер көрсетті. Әділ қазылар алқасының әділ шешімі бойынша 1-орын №22 топ студенті Парманқұл Қалбибі, 2-орын Арын Марина және 3-орын №21 топ студенті Асанжол Талшынға бұйырды.

https://www.facebook.com/sozakkolledj.kolledj/posts/pfbid022XRrqXFYJqYBNMUJ5hXFH1S7F9h5C5wx2obMWNhbs2HFTMn6P8hf3myr7qPpWe8pl?__cft__[0]=AZXUViA07jq2FA_INAApLEC4vmXQ15vWeIoGau9pJV_i-yIE52GZMPj21kOzjEF8RjTX9wE-sRPFqkddGyzncRS31OOl0CHq4f4Uu1V1NA5D-_L0XBg_DbsR05WEP0lwNisqo7vj5F57FP6C-NwiM2LKn0BAzDwoxVru4TyO8NFEjQ&__tn__=%2CO%2CP-R