Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; жеке тұлғаның сана-сезіміне, ар-ұжданына қайшы келмейтін, халықтың мақсат-мүддесін көздейтін, тарихи шындықпен, прогреспен ұштасып жататын іс-әрекеттер. Әрбір қоғамның адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі бар. Қарапайым халық әрқашан да адалдық қасиеттерін кіршіксіз таза ұстауға ұмтылады. “Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі — қазақтың әулиесі сол”, — дейді Хәкім Абай. Парасаттылық мектебінің жылдық жоспарына сәйкес «Адалдық жолынан айнымайық» тақырыбында бейнеролик түсірілді.Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл дағдыларын қалыптастыру, адалдық пен әдептілікке тәрбиелеу мақсатында бейнеролик түсірілді.
«Адалдық жолынан айнымайық» тақырыбында бейнеролик түсірілді