http://kolledzh-1.rka.kz/is-sharalar/is-sharalar-22-23/245-zhelto-san-zheli-yz-arly-atty-is-shara-bolyp-tti.html#sigFreeId2fbd3ea985
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде өз тәуелсіздігін жариялады. Дәл осы күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң күшіне енді. 2022 жылдың 15 желтоқсан күні «№1 колледж» МКҚК-нында 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне орай колледж көркемөнерпаздар мен «№22 Арнайы тігінші» тобының кураторы Г. Ушибаеваның ұйымдастыруымен «Желтоқсан желі ызғарлы» атты іс-шара болып өтті. Іс-шарада студенттер 1986 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында болған оқиғалардан көріністер көрсетіп көрермендердің көздеріне жас ұялатты.