http://kolledzh-1.rka.kz/is-sharalar/is-sharalar-22-23/243-nejrondy-zheliler-ta-yrybynda-ashy-saba-tkizildi.html#sigFreeId6f1b8ed1ef
«Әлемді бағындырған нақты ғылымдар» атты жаратылыстану пәндері апталығының жоспарына сай 9 желтоқсан күні Информатика пәнінен Сейсенова Әсем Оразбековна № 92 топ студенттерімен «Нейрондық желілер» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты: Нейрондық желі ұғымымен таныстыру, жасанды нейрондардың әрекет ету қағидаларын үйрету, Жасанды нейрондық желілерді қолдану салалары жайында мағлұмат беру. Білім алушылар берілген информатикалық диктант, сәйкестендіру, адасқан әріптер, сөзжұмбақ арқылы Нейрондық желілердің маңызын ашуда топпен, жұппен бірге тапсырмалар орындап белсенділік танытып, өз ойларын айта білді. «Эссе» әдісімен білім алушылар жаңа материалды пысықтады. Сабақ мақсатына сай тапсырмалар беріліп, өз деңгейінде өткізілді.