http://kolledzh-1.rka.kz/is-sharalar/is-sharalar-22-23/242-nary-ty-ekonomika-zha-dajynda-y-k-siporyn-ta-yrybynda-ashy-saba-tkizildi.html#sigFreeId568973391d
"Әлемді бағындырған нақты ғылымдар" атты жаратылыстану пәндері апталығының жоспарына сай 8 желтоқсан күні Экономика және кәсіпкерлік негіздері пәнінен Медеубаева Үміт Пернебайқызы "Дәнекерлеу ісі" мамандығының студенттерімен "Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты: Студенттерге экономика негіздері және нарықтық экономика негіздері пәндері бойынша алған білімдерін кеңейту, тиянақтау және жинақтау, экономикалық білім заман талабы екендігін түсіндіру. Сабақтың барысында студенттер криптограмма, экономикалық анаграмма шешіп, деңгейлік сұрақтарға жауап берді, Қазақстан экономикасы жайында айтып белсенділік көрсетті.