http://kolledzh-1.rka.kz/is-sharalar/is-sharalar-22-23/236-1-zhelto-san-d-niezh-zilik-spid-ke-arsy-k-res-k-nine-bajlanysty-o-u-ordamyzdy-bilim-alushylarymen-kezdesu-jymdastyryldy.html#sigFreeId8cae49b6bd
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты <<N°1 колледж>> МКҚК-нында 2022 жылы 29 қарашасында колледж медбикесі А.Тайрованың және "Созақ ауылдық МСАҚ орталық ауруханасының дәрігері Р.Гаеповпен бірге 1 желтоқсан дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне байланысты оқу ордамыздың білім алушыларымен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты - жастарға АИТВ/ЖИТС туралы ақпарат бере отырып, оларды қауіпсіз мінез-құлық дағдарысына үйрету және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
АИТВ(адамның иммунитет тапшылығының вирусы), ЖИТС(жұқтырылған иммунитет тапшылығының синдромы) туралы түсініктер, АИТВ-ның әлем бойынша таралуы, эпидемиологиялық жағдайы, АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды әлеуметтік қорғау туралы, оның алдын алу жолдары, салауатты өмір салтын ұстану жайында толығырақ мәліметтер беріліп, білім алушыларымен сұрақ-жауап алмасып пікірлер тыңдалды.