View the embedded image gallery online at:
http://kolledzh-1.rka.kz/is-sharalar/is-sharalar-22-23/233-memlekettik-tildi-m-rtebesi-z-d-rezhesinde-ma-ta-yrybynda-studenttermen-debat-tkizildi.html#sigFreeIdcdf8d85e92
http://kolledzh-1.rka.kz/is-sharalar/is-sharalar-22-23/233-memlekettik-tildi-m-rtebesi-z-d-rezhesinde-ma-ta-yrybynda-studenttermen-debat-tkizildi.html#sigFreeIdcdf8d85e92
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «№1 колледж» МКҚК сында «Ұшқыр ой» дебат клубының ұйымдастыруымен колледж педагог-психологы Ш.Жақсыбаеваның төрелік етуімен «Мемлекеттік тілдің мәртебесі өз дәрежесіндема?» тақырыбында студенттермен дебат өткізілді. Дебат екі фракциядан тұрды «Қыран» және «Білгір».Білім алушылар кәзіргі таңда мемлекеттік тіліміздің болашағына алаңдаушылық білдіріп, өз ойларымен бөлісті. Дебат соңында студенттер бір бітімге келіп, мемлекеттік тілді білу әр азаматтың азаматтық борышы екеніне тоқтады.