ГККП "Колледж №1" управления развития человеческого потенциала Туркестанской области
0
17-қараша «Студенттер күні» мерекесіне орай «№1 колледж» МКҚК-нында директордың тәрбие ісі

Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты. Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін — деп Мағжан Жұмабаев жырлағандай, жастар ел ертеңі екені анық. 17-қараша «Студенттер күні» мерекесіне орай «№1 колледж» МКҚК-нында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының жылдық жоспарына сәйкес, колледж жастар ұйымы және өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 2022 жылы 17-қараша күні колледж спорт залында топаралық «Толағай» эстафеталық сайыс болып өтті. Сайысқа 20-топ «Ай-Ханша» 21-топ «Інжу-Маржан» 22-топ «Қыран» 93-топ«Алғырлар» 90-топ «Бауырлар» 88-топ «Барыс» 89-топ «Жастар» командалары белсене қатысты. Әділ қазылар алқасының қорытындысы бойынша I- орын 22-топ «Ай-ханша» командасы II-88-топ «Барыс» командасы III-90 топ «Бауырлар» командалары колледж директорының мақтау қағаздарымен марапатталды. Іс-шара барысында сөз алған ДТІЖО Р. Атажиев студенттерді 17-қараша студенттер күнімен құттықтап, колледж мәдени, спорттық іс-шараларға белсене қатысып жүрген бірқатар студенттерді Созақ аудандық жастар ресурстық орталығының директоры О. Төлепбергенұлы, Созақ ауылдық округ әкімі Б. Аяповтың және «№1 колледж»МКҚК директоры Б. Қордашбековтың арнайы алғыс хатымен марапатталды.

https://www.facebook.com/sozakkolledj.kolledj/posts/pfbid0N9Q7hJrDWhY4eHB5iLfHNg6Tjt5w5ZJhEpPDTydAv8HLr8CFnQhmRtz99aRUUqmwl?__cft__[0]=AZUe79_3KIn0P-a7A95LRinkLG8eqWwsk8lNgle07-0rNrRyBfRPB5QqmIYGhuqv64n2SdMI53i4sUbglq0JY1Y71uk0erMWN2t4OgAqe2czMSM5nkJ6Qcaif7GRWI5Jb3MMbGG9kj409O8OnuZdVc9NcwLt4yeIrppajSqjQqoAcw&__tn__=%2CO%2CP-R