ГККП "Колледж №1" управления развития человеческого потенциала Туркестанской области
0
N1 колледжде ашық есік күні

N1 колледжде ашық есік күні

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы 15 қараша күні колледжде "Атамекен" кәсіпкерлер палата директорының, жергілікті кәсіпкерлік бөлімінің басшысы (немесе мамандарының), әлеуметтік серіктестік мекемелердің басшылары (немесе өкілдері), кәсіпорын басшыларының, кәсібін дөңгелеткен және мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан колледж түлектерінің, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Жұмыс беруші күні» тақырыбында ашық есік күні өтеді.

Мақсат - экономиканы кадрлармен қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар мен колледждер арасында тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату.

Жұмыс берушілермен кездесу бағдарламасы бірнеше бағыттарда жүзеге асырылады:

  1. "Кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті негізгі нормативтік құқықтық актілер" туралы
  2. "Жетекші кәсіпорынның жұмыс тәжірибесі" туралы
  3. Қатысушы қонақтарға колледждің материалдық техникалық базасымен таныстыру, мамандықтар бойынша көрмелер көрсету
  4. «Тамақтандыруды ұйымдастыру»; «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу»;«Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)» мамандықтары бойынша шеберлік сыныптарын өткізу
  5. Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері, студенттердің жұмыс берушілермен диалог алаңында пікірталас форматында дөңгелек үстел ұйымдастыру, өзекті мәселелерді талқылау
  6. Мекеме және кәсіпорын басшыларымен меморандумға тұрып, келісімшартқа қол қою
  7. Қорытынды. Марапаттау рәсімі

https://www.facebook.com/sozakkolledj.kolledj/posts/pfbid027m9ER9An6zyiKAUvDm3aGX7FA566EFUtM2D96Ev4xHFq3AXkwdi3mvDJAsGXDdxRl?__cft__[0]=AZV-8Nwe15rtlhi1wwolc_8qLYrfP5Wu_tqIGX-XUVyYL47EHVLf7KFGrlSi9oJv1DxAgcwAPZ4tvD_Esyl4h4LKw8PwEMnHPV5kNNKuU4l4oOpafmztGrpVMECG8s0dx5pCnwWmOoT3rgQFDiPbB2YSy79uIAmWjKRtpaKmrxtbJQ&__tn__=%2CO%2CP-R