«Тіл – достықтың кепілі» атты апталығының жабылуы және жеңімпаздарды марапаттау кезеңі 27 қазан күні өткізілді. Тілдер апталығының салтанатты түрде жабылуына апталыққа қатысқан студенттер, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Атажиев, әдіскер А.Абдихаева, гуманитарлық пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының төрайымы Ж.Тагиева, осы апталықты өткізуге жауапты барлық оқытушылар қатысып, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.