18.10-24.10 аралығында «Тіл- достықтың белгісі» атты апталықтың жоспары құрылып, бекітілген бағдарламаға сәйкес іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Адамға екі нәрсе тірек тегі: Бірі – тіл, бірі –ділің жүректегі» деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп, бойға тарайды. Студенттердің патриоттық сезімін ояту, елге қызмет етуге, мемлекеттің іргесін нығайтуға, тілдің дәрежесін көтеру мақсатында бүгін колледжімізде Гуманитарлық пәндер циклдық әдістемелік комиссиясының «Тіл – достықтың кепілі» атты апталығының ашылу салтанаты болып өтті. Мерекелік іс-шара қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтті. Іс-шараға колледж белсенді студенттері өз өнерлерін көрсетті.