5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдер күні және А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «№1 колледж» МКҚК-нда Гуманитарлық пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының ұйымдастыруымен апталық ұйымдастырылуда. Жоспар бойынша апталықтың төртінші күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушыс М.Әлібекованың ұйымластыруымен «Өлең сөздің патшасы» тақырыбында тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу болып өтті.